Мәңгілік жел салтанаты
II Korkut үн өнері триенналесі
Триеннале дыбысқа және дыбысты қабылдауға арналады әрі институционалды шекаралармен шектелмей, кең диапазонды дыбыс практикалары үшін кеңістік жасайды. «Мәңгілік жел салтанаты» жобасы аясында екі ай бойы мұнда дыбыс инсталляциялары орнатылады, дыбысты қабылдау және дыбыс серуендері сеанстарын қамтитын тікелей іс-шаралар, гибридті дәрістер, пікірталастар мен шеберлік сыныптары, соматикалық перформанстар, сондай-ақ дыбыс мүлдем жоқ немесе ол мүмкін болмайтын орта мен дыбыс рәсімдерін зерттеуге жол ашылады.
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы
2026    
7 мамыр
    28 маусым

Dedicated to sound and listening, the Triennale creates a space for a wide range of sonic practices without restricting them by institutional boundaries. Over the course of two months, Rites of Eternal Wind will host sound installations and live events, listening sessions and soundwalks, hybrid lectures, discussions and workshops, somatic performances and explorations of sonic rituals and environments where sound is absent or even impossible.

Үш — сиқырлы сан, Триенналеде дыбыс пен жел байланысының үш жақты тұжырымы қарастырылады: резонанс іздеу барысында желді акустикалық құбылыс ретінде бақылау; бақылауға келмейтінді бақылаудың деректі талпыныстары; тыныс және сыбдыр сынды болмашы дыбыстарға мұқият құлақ түріп, жоқтық арқылы бар болуды сезіну. Бұл тұрғыда «Мәңгілік жел салтанаты» — батыс музыкасының шегінен тыс ғасырлар бойы қалыптасқан дыбыстық дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті білдіру: Орталық және Солтүстік Азияда музыкалық аспаптар жасау және орындаушылық шеберлік әлеуметтік ұйым мен саяси ойды білдірудің формасы ретінде; төл дыбысталу мен импровизация халықтардың ұжымдық жады мен тарихын сақтайтын ұжымдық музыка практикалары ретінде; Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мұқият тыңдау дәстүрлері; және басқалары.

Үн өнері Триенналесін Қорқыттың құрметіне атау — бұл ақ бата сұрау сияқты. Мифтік кейіпкер әрі тарихи тұлға ретінде қарастырылатын Қорқыт Ата ел аузынан жеткен аңыздарға сүйенсек, мыңдаған жыл бұрын қобыз аспабын жасаған, бұл аспап бір демде емдеп, зұлым рухтарды аластатып, тіпті өлімнің өзінен қорғауға қабілетті. Бүгінде Сырдария бойында, Қорқыт дүниеге келген жерге жақын маңда алып қобыздың үні естіледі. 1980 жылы сәулетші Бек Ыбраев және акустикалық инженер Совет Исатаев тұрғызған сегіз метрлік монументтің ішінде дала желі құдды органда ойнағандай өнер көрсетеді. Жел іш-бауырын қуалаған кезде қырық металл құбыр уілдеп, сарнай жөнеледі, олар жерге арнап төл әндерін шырқайды, осылайша оны емдейді де.

Бағдарлама

«Мәңгілік жел салтанаты» көрмесі

Азадбек Бекчанов, Будадитъя Чаттопаддхай, Жевдет Әрек, Лоуренс Абу Хамдан, Ләззат Ханим, Миеко Сиоми, Рүстем Мырзахметов, Саадет Түркөз, Соджунг Джун, Таңсұлпан Бұрақаева, Зилиә Қансұра
    7 мамыр — 28 маусым 2026
Билеттер
Концерт бағдарламасы
Tselinny ORTA 3
БІРІНШІ ЭПИЗОД: САМАЛ

Бинт Мбәрех
Миеко Сиоми: «Жел мен көлеңке салтанаты», орындайтындар: SAMRATTAMA және Нұрбәк Батулла
        7 мамыр
19:00—20:30
Билеттер
ЕКІНШІ ЭПИЗОД: ҚАРАБОРАН

Карина Утомо: «КУЛОН»
Саинхо Намчылак
        7 мамыр
20:30—22:00
Билеттер
ҮШІНШІ ЭПИЗОД: ДАУЫЛ

Азадбек Бекчанов
Жевдет Әрек  
Миеко Сиоми: «Жел мен көлеңке салтанаты», орындайтындар: Назира Омар мен Таңсұлпан Бұрақаева
        8 мамыр
20:00—22:00
Билеттер
ТӨРТІНШІ ЭПИЗОД: ХАРМАТТАН

Билава Әде Респати, Карина Утомо және Şüräle: «Бізге әлі сыбыры жетпеген түс»
Миеко Сиоми: «Жел мен көлеңке салтанаты», орындайтындар: Ермек Қазмұхамбет пен Зилиә Қансұра  
Impossible Territories және Бинт Мбәрех: «Сыбыр хоры»
        9 мамыр
20:00—22:00
Билеттер
Бесінші эпизод: керімсал

Жазгүл Мадазимова: «Құлаған тау салтанаты»
        10 мамыр
20:00—22:00
Билеттер
Алтыншы эпизод: Құралай

Lovozero, Нұрбәк Батулла және Жанна Төленді: «Құралай салтанаты»
        16 мамыр
19:00—21:00
Free admission
Жетінші эпизод: ДОЕТБАРАМ

Соджунг Джун: «Мен — тоғыз құйрықты түлкімін»
        29 мамыр
19:00—21:00
Билеттер
СЕГІЗІНШІ ЭПИЗОД: КААР СИЛЛИЕ

Айша Оразбаева
Алдана Дуораан
        19 маусым
19:00—21:00
Билеттер
ТОҒЫЗЫНШЫ ЭПИЗОД: ХАЗРИ

Раушан Оразбай
Синна Пейғами
        27 маусым
19:00—21:00
Билеттер
Қорытынды эпизод: маусымжел

Lovozero, Нұрбәк Батулла және Жанна Төленді: «Құралай салтанаты»
        28 маусым
19:00—21:00
Билеттер
Дыбыс серуендері бағдарламасы
Орны анықталады
Будадитъя Чаттопаддхай: «Азықсыз жер: Ekadoshi»

Басталуы: ORTA 3 кіреберісі, Целинный
       8 мамыр
 18:30
Медина Базарғали: Qorğasyn Qorğamasyn

Басталуы: ORTA 1, Целинный
       9 мамыр
 18:30
        29 мамыр
17:00
        25 маусым
17:00
Интизор Отаниёзова: Parvazim

Басталуы: Мақатаев көшесі жағынан Көк базарға кіре берісте, «Зеленый базар» деген жазудың жанында
       10 мамыр
18:30 (ағылшынша)
        30 мамыр
17:00 (ағылшынша)
        19 маусым
17:00 (орысша)
Şüräle: If the Soil Can't Pull You In…

Басталуы: ORTA 1, Целинный
        16 мамыр
17:00
        20 маусым
17:00
        27 маусым
17:00
Дискурс бағдарламасы
Tselinny ORTA 3
«Бүгін клубта концерт болады», 1000 құрайдың хикаясы: Әлия Ахмадуллина, Динара Рыскильдина, Таңсұлпан Бұрақаева, Зилиә Қансұра Мария Сарычевамен сұхбаттасады
        9 мамыр
15:00—16:30
Айрықша тыңдау: шекаралар, материалдылық және басқа да субъективтіліктер: Бинт Мбәрех, Будадитъя Чаттопаддхай, Якоб Ериксен, Медина Базарғали Ян Солчанимен сұхбаттасады
        9 мамыр
16:30—18:00
Саинхо Намчылак Стас Шәрифулламен сұхбаттасады
        17 мамыр
17:00—18:30
Ермек Қазмұхамбет, дәріс-перформанс
        17 мамыр
19:00—20:30
Соджунг Джун Мәдина Садыбековамен сұхбаттасады
        30 мамыр
18:00—19:30
Дәстүрліні ресинтездеу: Айша Оразбаева, Рүстем Мырзахметов, Şüräle Әнуар Дүйсенбиновпен сұхбаттасады
        20 маусым
18:00—19:30
Құралай салтанатының өрбуі: Lovozero, Нұрбәк Батулла, Жанна Төленді Әлима Қайратпен сұхбаттасады
        26 маусым
17:00—18:30
Аеша Хамид пен Назира Омар, дәріс-перформанс
        26 маусым
19:00—20:30
Раушан Оразбай Әнуар Дүйсенбиновпен сұхбаттасады
        28 маусым
16:00—18:00
Кино бағдарлама
Tselinny ORTA 3
Korkut Shorts

«Бұл кімнің дауысы?» (Дана Искакова, 2025)
«Жел ұшырғандар» (Жак Мадво, 1971)
«Аспан күнделігі» (Лоуренс Абу Хамдан, 2024)
«Біз қорғай алған сол түн» (Нұр Әбед, 2024)
«Торап» (Рәми Харраби, 2023)
        14 мамыр
19:00—21:00
Билеттер
        25 маусым
19:00—21:00
Билеттер
«Менімен сөйлесші, жел» (Стефан Джорджевич, 2025)
        21 мамыр
19:00—21:00
Билеттер
90-ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚЫРҒЫЗ КИНОСЫ

«Селкинчек» (Ақтан Арым Қубат, 1993)
«Таранчы» (Эрнест Әбдіжапаров, 1996)
«Сайтан көпір» (Темір Бірназаров, 1997)
        30 мамыр
19:00—21:00
Билеттер
«Жел» (Виктор Шөстрөм, 1928)
        4 маусым
19:00—21:00
Билеттер
«Жел күшіне мінді» (Хаяо Миядзаки, 2013)
        11 маусым
19:00—21:00
Билеттер
«Жел шаһары» (Лхагвадулам Пурев-Очир, 2023)
        18 маусым
19:00—21:00
Билеттер
Уоркшоптар
Tselinny Atelier
Impossible Territories және Бинт Мбәрех: «Сыбыр хоры» (орысша/ағылшынша)
        5–6 мамыр
15:00—18:00
Саинхо Намчылак: «Үнсіз айқайлау құпиясы» (орысша)
        12–13 мамыр
15:00—18:00
Тіркелу
Медина Базарғали: «Қазақтың импровизация және қарсылықты білдіретін музыкалық дәстүрі» (орысша)
        19–20 мамыр
15:00—18:00
Тіркелу
Алдана Дуораан: «Дәстүрден техноға: сақа хомус практикасы» (орысша)
        17 маусым
15:00—18:00
Тіркелу
Синна Пейғами: «Акустикалық-электронды интеграция тәсілдері» (ағылшынша)
        23–24 маусым
15:00—18:00
Тіркелу
Жел күшейеді

Жел — өз жолындағы нысандармен байланыс орнатып, дыбыс тудыратын вибрацияларды шақыратын ауа ағыны. Бұл қағида қаншама музыкалық аспаптың негізін құрайды, тіпті ең алғашқы және басты аспап — дауыстың өзін адам сөйлегенде немесе желмен жарыса ән айтқанда желге бұл әнді әрі қарай іліп кетуіне жол ашып, дауысты күшейтуге болады. Ағаш немесе жезден жасалған үрмелі аспаптарда орындаушының демі дыбыс ағынын яғни демге мүлдем ұқсамайтын, десе де өмір сыйлайтын желді тудыру мақсатында қолданылады.

Іздеуші былай дейді:
«Адамдар ауа ағынын белгілі бір жиілікке негізделген әртүрлі ұзындықтағы құбырлар арқылы өткізіп, желді жасанды түрде шығаруды үйренді. Алайда адамның дауысы мен сыбызғының үні тыныс ала алатын әлдекім барда ғана үн қата алады».

Жел ышқынады

Адамзат тарихының өң бойы жел отарлаушылар мінген кемелердің желкендерін үрлеп, алға қарай бастап, алыс жерлерді иемденіп, тұтас халықтарды құлға айналдырып, аштыққа ұшыратуға бел байлағандарды кемемен жетелеп келді. Ең қуатты желдей ышқынған олардың ұмтылыстары мен талпыныстары одан бетер қараңғы желдің соғуына түрткі болды: отты құйындар қирандыға айналған ауылдарды өздеріне қарсы тұруға батылы жеткен азапталушылардың қызыл отқа оранған тәнімен бірге күлге айналдырып жіберді. Тірі қалғандар мен жер аударылғандарды ауық-ауық соққан басқа жел қайтып оралу үмітін жойып, алыс, бөтен мекендерге алып кетті. Бүгінде билікке иелік еткендер желді құл қылуды жалғастырып, геноцид және халықтарды мәжбүрлеп қоныс аудару нәтижесінде тазартылған, ұрланған жерлерде таза энергия өндіріп жатыр.

Сотқар бала былай дейді:
«Біздің планетамыз ұшы-қиыры көрінбейтін жансыз шөлге айналғанда бізден кейін тек Мәңгілік желдің мұңды уілі ғана қалады. Бірақ біз мұнда табан тіреп тұрғанымызда дауыстарды іліп әкетіп, оған қуат беретін жел сияқты әрекет етуіміз керек».

Жел сыбырлайды

Бізді енді естілмейтін дыбыстар аңдиды: бөлшектенген тау жыныстарының гүрсілі мен экстрактивизм салдарынан тартылған теңіз толқынының шуылы. Біз көбіне мән бермейтін дыбыстар біздің ізімізге түсті: біреу тым қатты сөйлейді, ал екіншісінің үні үнемі естілмей қала береді. Тіпті дыбыстарға құлақ салмаған күннің өзінде біз олардың жаңғырығын естиміз — сиреналардың шырылы, азапты айқайлар, қыстың ызғарлы желін бұзып өткен оқтардың зуылы. Сондықтан «Мәңгілік жел салтанаты» — бұл бәрінен бұрын қоршаған ортаға мұқият құлақ түруге үндеу және біздің дауысымызды толқын сияқты таратып, арманшылдар мен күрескерлердің жаңа буынына шабыт сыйлайтын қуатты желдің бой көтеруіне бәріміз ат салысу үшін Триеннале кеңістігін қолдана алу мүмкіндігіне ие болу.

Сыбырлағыш былай дейді:
«Орманда құлаған ағаш үн қата ма, жоқ па, білмеймін, бірақ желдің ағаштарды сөйлететініне сенімдімін. Таным шекарасында тұрып, ағаш бұтақтарындағы жапырақтардың сыбдырын анықтау өте қиын. Ендеше, мен жаза алмаған ән қалай үн қатар еді?»

Curators

Әнуар Дүйсенбинов — қазақстандық ақын, мультимедиялық әртіс, куратор және аудармашы.

Кейінгі 15 жылда ол «Целинный» заманауи мәдениет Орталығы, CTM Festival, Literature Without Borders, Hayward Gallery, Венеция биенналесі және басқа да мекемелермен ынтымақтастық орната отырып, Орталық Азиядағы әртүрлі жобаларға белсенді қатысты. Рүстем Мырзахметовпен бірге Әнуар «Балхаш снится» атты спокен-уорд және экспериментал музыка ұжымының негізін қалап, Алматыдағы тәуелсіз музыканың бір кірпіші болып қаланды. Сондай-ақ Целинный заманауи мәдениет Орталығындағы бұқаралық бағдарламаны алғаш болып ашқан «Барсакелмес» перформансына да қатысты.

Өз шығармаларында Әнуар дәстүрлі практикалар мен сенім жүйелеріне жүгініп, өткен шақта да, осы шақта да өзгерген және оның көбіне кері кеткен әлеуметтік және саяси жағдайларға жауап ретінде қалай дамып отырғанын айшықтайды. Оның поэзиясы және спокен-уорд интервенциясы өнертапқыш әрі ойнақы, көпқабатты символизмге негізделген, десе де олар үстемдік етуші нарративтердің қасиетті практикаларды қалай өз мүддесіне жаратып, қоғамға қызмет етуге тиіс дүниелерді элиталар мен қолында билігі барлардың кімдік саясаты немесе ұлтты құру құралдарына айналдыратынын айқын сынайды.

Мәдина Садыбекова алматылық корей/қазақ текті куратор және зерттеуші, оның практикасы геосаяси және әлеуметтік-саяси контекстермен байланысатын үн өнеріне бағытталған.

Заманауи Қазақстандағы отарлық ескерткіштерді құлату мен алып тастау жағдайларында эстетиканың тәжірибе мен ұжымдық жадты қалай қалыптастыратынын зерттегеннен кейін ол қазір есту мен тыңдауды денеде жүзеге асатын практикалар есебінде қарастырып, дыбыстың әртүрлі мәжбүрлеуші жағдайларды, соның ішінде зорлық-зомбылықтан бастап өз мүлігінен, жерінен айрылып, амалсыз көші-қон тәжірибесін бастан кешіруге дейінгі шарттарды бастан өткерген денеге дыбыстың қалай әсер ететінін мұқият зерттейді. Өзінің диаспоралық тәжірибесін ой елегінен өткізіп, мұндай азапты жағдайлардан физикалық тұрғыда алшақ болған Мәдина бұл ара-қашықтықты дыбыс арқылы төзімділік пен үмітті жеткізу мүмкіндігін зерттеу үшін пайдаланады.

Мәдина Лондондағы Голдсмитс университетінде Заманауи өнер теориясы бойынша магистр дәрежесін алды, қазіргі уақытта Алматыдағы «Целинный» заманауи мәдениет Орталығында куратор және арт менеджер болып жұмыс істейді.

Стас Шәрифулла Базельде тұратын өнерпаз және зерттеуші, ол тыңдау кімдік пен жадты қалай қалыптастыратынын зерттейді.

Шығыс Сібірде туып-өскен, Жылан Башқұрт тегінен шыққан ол Солтүстік және Орталық Азияның автохтонды мәдениеттеріндегі тыңдау табиғатын зерттейді, мұнда тыңдау мен дыбыстау тарихи тұрғыдан жазудан қарағанда әлдеқайда маңызды болған. Өзінің осы мұрадан қол үзуіне және қайта байланысуына арқа сүйей отырып, Стас негізінен қоныстанушылардың отарлығы байырғы білім көздерін қалай бағындырып, бұрмалап, олардың әлеуметтік-саяси мақсатын экзотикалық музей жәдігерлерін жасауға дейін төмендететінін және аталған динамиканы қалай өзгертуге болатынына басым мән береді. Дәстүрлі аспаптар және компьютерлік музыка құралдарымен жұмыс істей отырып, Стас кең ауқымды медиа практикаларын қолданады, ол қатарда ерікті композиция, жанды тыңдау сессиялары, бұқаралық дәрістер мен интервенциялар, инсталляциялар және т.б бар.

Ол Базель университетіндегі Медиа зерттеулер департаментінің PhD кандидаты және оқытушы, HGK FHNW өнер, гендер және табиғат Институтында қонақ доцент және ментор, сондай-ақ CTM Festival-де «Дәстүрліні ресинтездеу» тақырыптық бағыты мен көркемдік-зерттеу жобасында бірлескен куратор.

Бізді Instagram желісінде бақылаңыз
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы