Мәңгілік жел салтанаты
II Korkut үн өнері триенналесі
Триеннале дыбысқа және дыбысты қабылдауға арналады әрі институционалды шекаралармен шектелмей, кең диапазонды дыбыс практикалары үшін кеңістік жасайды. «Мәңгілік жел салтанаты» жобасы аясында екі ай бойы мұнда дыбыс инсталляциялары орнатылады, дыбысты қабылдау және дыбыс серуендері сеанстарын қамтитын тікелей іс-шаралар, гибридті дәрістер, пікірталастар мен шеберлік сыныптары, соматикалық перформанстар, сондай-ақ дыбыс мүлдем жоқ немесе ол мүмкін болмайтын орта мен дыбыс рәсімдерін зерттеуге жол ашылады.
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы
Budhaditya Chattopadhyay

Өмірбаяны

Будадитъя Чаттопаддхай — Берген, Гаага және Калькутта арасында жұмыс істеп, өмір сүретін пәнаралық өнерпаз, зерттеуші және жазушы. Ол аудиожазбаның тарихи, сондай-ақ заманауи тәсілдері мен технологиялары Жаһандық Солтүстіктің мәдени экстрактивистік практикаларының нысанына айналған Жаһандық Оңтүстік қоғамдастықтарына қалай ықпал ететіні туралы өзінің сыни академиялық зерттеулерімен танымал. Отарлық мұрағаттар, мейнстрим дыбыс жазу индустриясының артефактілері және Ғаламдық көпшілік елдерінен шыққан әртістер туралы заманауи түсініктер, сондай-ақ олардың негізінде жатқан қоныстанушы-отаршылдық эпистемологияларды қайта пайымдай отырып, ол аталған зерттеудің нәтижесі академиялық орта шекарасынан шыққанын да қалайды. Осылайша, Будадитъяның көптеген жұмысы әртүрлі дыбыстық медиа арқылы отарсыздық, көші-қон, қоршаған орта және экология мәселелерін қозғап, академиялық орта мен заманауи өнер шекарасында өмір сүреді, дыбыстық медиалар қатарында — ауқымды көрме жобалары, дыбыс инсталляциялары, интерфейстерді есепке алғанда перформанстар, сондай-ақ музыка шығару және орындаудың ұжымдық әлеуетіне назар салатын көбіне ұжымдық, сондай-ақ кураторлық қызмет бар.

Ол бес кітаптың авторы, Лейден университетінің Креативті және орындаушылық өнер академиясында көркемдік зерттеулер және саунд зерттеулер саласы бойынша PhD дәрежесіне ие және қазіргі уақытта Берген университетінің бейнелеу өнері, музыка және дизайн факультетінде Мария Кюри бағдарламасының постдокторанты.  

Азықсыз жер

Көрермендердің қатысуымен өтетін дыбыс инсталляциясы (2026)

«Мәңгілік жел салтанаты» үшін Будадитъя Чаттопаддхайға Land Without Food атты интерактивті инсталляцияға тапсырыс берілді, онда Оңтүстік Азия мен Африкада күріш пісіру үшін жиі қолданылатын, қолмен жасалған байырғы саз ыдыстар көрерменнің қатысуына негізделген дыбыстық, интерактив және аффективті тәжірибелерді жеткізетін дыбыс интерфейстері есебінде қызмет етеді.

Бір шетінен, жұмыс мұрағат зерттеулері арқылы Үндістандағы 1943 жылғы белгілі Бенгал ашаршылығының және әлемнің әртүрлі аймақтарындағы, соның ішінде Орталық және Солтүстік Азиядағы бұрынғы және қазіргі кезде болып жатқан ашаршылықтың айтылмаған тарихына терең бойлайды. Ал екінші шетінен, ол аудиторияны интерсубъективті өзара байланысқа қатысып, эмпатиялық қоректендіруді қалпына келтіру әрекеті және Газа мен Судандағыдай қоныстанушы-отаршыл және нео-отаршыл зорлық-зомбылықтың әсерінен қалыптасқан заманауи аштық дағдарысын саналы ұғыну порталы ретінде белсенді етуге шақырады.

Сотқар бала былай дейді:

«Салтанатты рәсімді өткізгендер арасында жас кезінде өз ауылында біртүрлі кемпірмен танысқаны туралы оқиғаны баяндап бергендер де болды. Бәрі ол кемпірді есінен адасқан дейтін, себебі ол тек шөп пен ағаштың қабығын ғана талғажау ететін. Бірақ ол кезде ешкім оның бала кезінде ол тұрған ауылдан барша тамақ атаулыны ұшырып, ішерге ас қалдырмаған — Қызыл Дауылды бастан кешіргенін білмейтін»

Бізді Instagram желісінде бақылаңыз
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы