Мәңгілік жел салтанаты
II Korkut үн өнері триенналесі
Триеннале дыбысқа және дыбысты қабылдауға арналады әрі институционалды шекаралармен шектелмей, кең диапазонды дыбыс практикалары үшін кеңістік жасайды. «Мәңгілік жел салтанаты» жобасы аясында екі ай бойы мұнда дыбыс инсталляциялары орнатылады, дыбысты қабылдау және дыбыс серуендері сеанстарын қамтитын тікелей іс-шаралар, гибридті дәрістер, пікірталастар мен шеберлік сыныптары, соматикалық перформанстар, сондай-ақ дыбыс мүлдем жоқ немесе ол мүмкін болмайтын орта мен дыбыс рәсімдерін зерттеуге жол ашылады.
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы
May 29
                     
19:00
19:00
ЖЕТІНШІ ЭПИЗОД: ДОЭТБАРАМ
Tickets
«Мәңгілік жел салтанатының» жетінші эпизоды — корей өнерпазы Соджунг Джунның «Мен — тоғыз құйрықты түлкімін» аудиовизуалды пьесасын ұсынады. Кеңес заманы кезінде Орталық Азияға күштеп қоныс аударылған корейлердің шынайы оқиғаларына негізделген туынды корё-сарам қауымына, атап айтқанда Алматыдағы бірегей Корей театрына мойын бұрады. Мұрағат материалдары және заманауи видео түсірілімдермен жұмыс істей отырып, Соджунг Джун көші-қон, дәстүрлер, жад пен көмескі кімдікті тоғыз құйрықты құбылмалы түлкі – гумихо туралы мифпен сәйкестендіреді. Пьесаны Триеннале үшін арнайы жиналған дәстүрлі, академиялық және экспериментал музыканттардан тұратын ансамбль Корей театрымен әріптестікте орындайды. Іс-шара Корей мәдениет орталығының қолдауымен өтеді.
Бізді Instagram желісінде бақылаңыз
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы