Мәңгілік жел салтанаты
II Korkut үн өнері триенналесі
Триеннале дыбысқа және дыбысты қабылдауға арналады әрі институционалды шекаралармен шектелмей, кең диапазонды дыбыс практикалары үшін кеңістік жасайды. «Мәңгілік жел салтанаты» жобасы аясында екі ай бойы мұнда дыбыс инсталляциялары орнатылады, дыбысты қабылдау және дыбыс серуендері сеанстарын қамтитын тікелей іс-шаралар, гибридті дәрістер, пікірталастар мен шеберлік сыныптары, соматикалық перформанстар, сондай-ақ дыбыс мүлдем жоқ немесе ол мүмкін болмайтын орта мен дыбыс рәсімдерін зерттеуге жол ашылады.
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы
May 9
                     
18:30
May 29
                     
17:00
Jun 25
                     
17:00
Медина Базарғали «Корғасын корғамасын» туындысын ұсынады
Алматылық өнерпаз Медина Базарғалидің маршруты «қорғасын құю» рәсіміне сілтеме жасайды, онда балқытылған қорғасынды үрейді өзіне сіңіріп, денені қорғау үшін, іштегі әлденені жарыққа шығару мақсатында суға құяды. Мұнда бір материал екі қарама-қайшы рөл ойнайды: бір сәтте зұлымдықтан қорғайды және зұлымдық жасайды.
Soundwalk
Бізді Instagram желісінде бақылаңыз
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы