Мәңгілік жел салтанаты
II Korkut үн өнері триенналесі
Триеннале дыбысқа және дыбысты қабылдауға арналады әрі институционалды шекаралармен шектелмей, кең диапазонды дыбыс практикалары үшін кеңістік жасайды. «Мәңгілік жел салтанаты» жобасы аясында екі ай бойы мұнда дыбыс инсталляциялары орнатылады, дыбысты қабылдау және дыбыс серуендері сеанстарын қамтитын тікелей іс-шаралар, гибридті дәрістер, пікірталастар мен шеберлік сыныптары, соматикалық перформанстар, сондай-ақ дыбыс мүлдем жоқ немесе ол мүмкін болмайтын орта мен дыбыс рәсімдерін зерттеуге жол ашылады.
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы
Jun 27
                     
19:00
21:00
ТОҒЫЗЫНШЫ ЭПИЗОД: ХАЗРИ ‍
Tickets
«Мәңгілік жел салтанатының» финалалды аккорды қобызшы, бақсы-күйші және Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Раушан Оразбай мен француз-ирандық перкуссионист әрі электронды композитор Синна Пейғамидің жеке өнер көрсетуін тоғыстырады. Жас экспериментші Синна Пейғами ежелгі парсы барабаны — томбақта және заманауи модульдік синтезаторда ойнап, мүлдем сәйкес келмейтіндей көрінетін екі музыкалық тілді ұштастырады. Бұл оның Франция астанасында туып-өскен иран диаспорасының өкілі ретіндегі қосарлы кімдігімен де байланысты. Раушан Оразбайдың дәстүрмен жұмыс істеуі қазақстандық көрерменге түсіндіруді талап етуі неғайбыл: музыкант әрі зерттеуші ретінде ол қобыз аспабын сақтап және дәстүрлі ойнау шеберлігін дамытуда айтарлықтай үлес қосты әрі халықаралық сахнада да мойындалды. Ал оларды не біріктіреді? Бәрінен бұрын — мәдени мұраны тұрып қалған формада емес, үнемі өзгеріп, осы шақпен диалогқа түсетін жанды материал ретінде қарастыру мақсаты. Бұл тоғысуда «Мәңгілік жел салтанатында» ортақ назарға ілігетін дүние — дәстүрлі музыкалық практикалар жаһандық әлем жағдайында үн қатып, өзгеруі ғана емес, аталған процестің осы шаққа қалай әсер етуге қабілетті екеніне де зер салу. Синна Пейғамидің өнер көрсетуіне Франция елшілігі қолдау көрсетеді.
Бізді Instagram желісінде бақылаңыз
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы