Мәңгілік жел салтанаты
II Korkut үн өнері триенналесі
Триеннале дыбысқа және дыбысты қабылдауға арналады әрі институционалды шекаралармен шектелмей, кең диапазонды дыбыс практикалары үшін кеңістік жасайды. «Мәңгілік жел салтанаты» жобасы аясында екі ай бойы мұнда дыбыс инсталляциялары орнатылады, дыбысты қабылдау және дыбыс серуендері сеанстарын қамтитын тікелей іс-шаралар, гибридті дәрістер, пікірталастар мен шеберлік сыныптары, соматикалық перформанстар, сондай-ақ дыбыс мүлдем жоқ немесе ол мүмкін болмайтын орта мен дыбыс рәсімдерін зерттеуге жол ашылады.
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы
May 16
                     
19:00
21:00
АЛТЫНШЫ ЭПИЗОД: ҚҰРАЛАЙ
«Құралай салтанаты» — саунд әртіс және композитор Lovozero, хореограф және «Jolda» би тобының жетекшісі Жанна Төленді мен татар және түрік мәдениетімен жұмыс істейтін қазандық хореограф, театр жүлделерінің лауреаты Нұрбәк Батулланың бірлескен жұмысы. Экспериментал дыбыс, технологиялық өнер және заманауи хореография тоғысындағы қорытынды перформанс «Целинныйдың» былтырғы зертханасында жасалды; сол кезде опен-коллға өтінім жібергендер қатарынан оның қатысушылары анықталған еді. Кеңістіктік дыбыс, алгоритмдер, нақты уақытта өңдейтін дабыл және адам дауысы мен синтезделген электронды дыбыс шекараларын жоюшы, жалпы дыбыс кенебіне ықпал ететін қозғалыстар — мұның бәрін 16 мамырда өтетін премьералық көрсетілім кезінде тыңдап, тамашалауға болады.
Бізді Instagram желісінде бақылаңыз
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы