Мәңгілік жел салтанаты
II Korkut үн өнері триенналесі
Триеннале дыбысқа және дыбысты қабылдауға арналады әрі институционалды шекаралармен шектелмей, кең диапазонды дыбыс практикалары үшін кеңістік жасайды. «Мәңгілік жел салтанаты» жобасы аясында екі ай бойы мұнда дыбыс инсталляциялары орнатылады, дыбысты қабылдау және дыбыс серуендері сеанстарын қамтитын тікелей іс-шаралар, гибридті дәрістер, пікірталастар мен шеберлік сыныптары, соматикалық перформанстар, сондай-ақ дыбыс мүлдем жоқ немесе ол мүмкін болмайтын орта мен дыбыс рәсімдерін зерттеуге жол ашылады.
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы
May 7
                     
20:30
22:00
ЕКІНШІ ЭПИЗОД: ҚАРАБОРАН
Tickets
«Мәңгілік жел салтанаты» жобасының екінші концерті көбіне танымал әрі академиялық музыка назарынан тыс қалатын вокалдық практикаларға арналады. Концертті гроулинг және скриминг сынды экстремал вокал техникаларымен жұмыс істейтін заманауи өнерпаз және әнші Карина Утомо ашады. Ол әртүрлі рок және метал топтарда өнер көрсетеді, ал өзінің жеке өнер көрсетуінде гонгтар мен соқпалы аспаптарды, сондай-ақ өзінің төл мәдениеті — Индонезияның Ява аралындағы рәсім элементтерін қолданады. Триеннале үшін ол батыстан соғатын желге арналған арнайы перформанс-рәсім дайындады. Кештің хедлайнері — көмеймен ән салуда аты аңызға айналған тывалық орындаушы — Саинхо Намчылак. Ол концертті музыкалық сүйемелдеусіз жеке импровизациямен аяқтайды. Ең алдымен, Саинхо тывалық көмеймен ән салу практикасы — ежелгі қасиетті хоомей дәстүрін джаздық гармониялармен және батыл эксперименттермен ұштастырады. Бұл тәсілдің арқасында ол әлемдік танымалдыққа қол жеткізді: бүгінде оның дискографиясында 60-қа жуық альбом бар, ал өмір жолында ол жүздеген коллаборация жасап, әлем бойынша мыңдаған концерттер өткізген.
Бізді Instagram желісінде бақылаңыз
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы