Мәңгілік жел салтанаты
II Korkut үн өнері триенналесі
Триеннале дыбысқа және дыбысты қабылдауға арналады әрі институционалды шекаралармен шектелмей, кең диапазонды дыбыс практикалары үшін кеңістік жасайды. «Мәңгілік жел салтанаты» жобасы аясында екі ай бойы мұнда дыбыс инсталляциялары орнатылады, дыбысты қабылдау және дыбыс серуендері сеанстарын қамтитын тікелей іс-шаралар, гибридті дәрістер, пікірталастар мен шеберлік сыныптары, соматикалық перформанстар, сондай-ақ дыбыс мүлдем жоқ немесе ол мүмкін болмайтын орта мен дыбыс рәсімдерін зерттеуге жол ашылады.
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы
Jun 19
                     
19:00
21:00
СЕГІЗІНШІ ЭПИЗОД: КААР СИЛЛИЕ
Tickets
Триенналенің сегізінші концертінде қазақстандық скрипкашы Айша Оразбаева мен Саха Республикасынан шыққан хомус орындаушысы Алдана Дуооран өздерінің музыкалық бағдарламасын ұсынады. Айша Алматыда музыканттар мен актерлердің отбасында дүниеге келген. Оған ән салып, домбырада ойнаған атасы шабыт берген еді. Төрт жасында ол теледидардан Айман Мұсаходжаеваны көріп, скрипкашы боламын деген шешімге келеді. Музыкалық мектептен әлемнің жетекші сахналарындағы жеке концерттеріне дейінгі жолды жүріп өткен Айша классикалық ойынның жоғары техникаларын авангардтық және экспериментал музыка тәсілдерімен ұштастыратын төл мәнерін ойлап тапты. Алдана Саха Республикасының шағын ауылдарының бірінде якуттың шаңқобыз аспабы — хомуста алты жасынан ойнай бастаған. Бүгінде ол Прагада тұрады, авангардтық және экспериментал музыканттар және лейблдермен әріптестік орнатып, Берлиннің аты аңызға айналған «Berghain» клубын есепке алғанда өзінің дәстүрлі аспабына тосын келетін әртүрлі алаңдарда өнер көрсетеді.
Бізді Instagram желісінде бақылаңыз
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы