Мәңгілік жел салтанаты
II Korkut үн өнері триенналесі
Триеннале дыбысқа және дыбысты қабылдауға арналады әрі институционалды шекаралармен шектелмей, кең диапазонды дыбыс практикалары үшін кеңістік жасайды. «Мәңгілік жел салтанаты» жобасы аясында екі ай бойы мұнда дыбыс инсталляциялары орнатылады, дыбысты қабылдау және дыбыс серуендері сеанстарын қамтитын тікелей іс-шаралар, гибридті дәрістер, пікірталастар мен шеберлік сыныптары, соматикалық перформанстар, сондай-ақ дыбыс мүлдем жоқ немесе ол мүмкін болмайтын орта мен дыбыс рәсімдерін зерттеуге жол ашылады.
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы
May 7
                     
19:00
21:30
ҚОРЫТЫНДЫ ЭПИЗОД: МУССОН
Tickets
Триенналенің жабылуы барысында саунд әртіс және композитор Lovozero, алматылық хореограф және «Jolda» би тобының жетекшісі Жанна Төленді мен татар тілі және түркі мәдениетімен жұмыс істейтін хореограф, қазандық биші, театр жүлделерінің лауреаты Нұрбәк Батулланың бірлескен жұмысы — «Құралай салтанатының» екінші көрсетілімі өтеді. Экспериментал дыбыс, технологиялық өнер және заманауи хореография тоғысындағы қорытынды перформанс «Целинныйдың» былтырғы зертханасында жасалды; сол кезде опен-коллға өтінім жібергендер қатарынан оның қатысушылары анықталған еді. Кеңістіктік дыбыс, алгоритмдер, нақты уақытта өңдейтін дабыл және адам дауысы мен синтезделген электронды дыбыс шекараларын жоюшы, жалпы дыбыс кенебіне ықпал ететін қозғалыстар — мұның бәрін «Целинныйда» өтетін «Мәңгілік жел салтанаты» концертінің жабылу рәсімінде тыңдап, тамашалауға болады.
Бізді Instagram желісінде бақылаңыз
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы