Өмірбаяны
Айша Оразбаева (1985 жылы туған) — қазақстандық скрипкашы және композитор, Бельгияда және Францияның оңтүстігінде тұратын ол заманауи музыканы батыл интерпретациялау және барокко музыкасы мен басқа да ерте репертуарға радикалды көзқарасымен танымал.
Айша Алматыдағы музыканттар мен актерлер отбасында дүниеге келген, ол ән айтқан және домбыраның құлағында ойнаған атасынан шабыт алып бой жетті. Төрт жасында ол теледидардан Айман Мұсақожаеваның өнерін тамашалап, скрипкашы болам деген шешімге келді. Айша Алматыдағы мамандандырылған музыка мектебінде оқуын бастап, кейін оны Италия мен Англияда жалғастырды, ерекше орындау мәнерінің арқасында ол бірден көзге түсіп, Cafe Oto сынды жерлерде заманауи музыкаға арналған іс-шаралар ұйымдастыра бастады.
Оразбаева Нью-Йорктегі Карнеги-холлда, Берлиндегі HAU2-де және Рейкьявик өнер академиясында өнер көрсетті. Ол Radio France және BBC Radio 3-те жеке концертін берді, сондай-ақ Лондондағы Gagosian галереясында суретші Ричард Серраның туындылары көрмесінде өнер көрсетті. Айша тоғыз альбом және ЕР жарыққа шығарды, кино, театр және би қойылымдарының табысты композиторы ретінде жұмыс істеп келеді.

Концерт
Айша Music for Violin Alone альбомы негізінде құрылған бағдарлама ұсынады, альбом 2020 жылы Франциядағы локдаунның алғашқы екі аптасында Le Poujol-sur-Orb-тағы бос үйде импровизациялық студияда жазылған. Альбомдағы шығармалар оның екі жылдық бала күтіміне байланысты демалыс кезінде танысып, үйренген туындылары, бұл екі жыл сонымен қатар шығармашылық үнсіздік, жаңа тәсілдер, репертуар және орындау тәсілдерін іздеу кезеңі болды.
Бұл — өткен шақ пен осы шақтың жолдары бір техникаға немесе сынған дыбысқа тоқтап, яки толық тыныштықта ғайып болғанша қайта салынып, қайта бой көтеретін скрипканың көзге көрінбес дыбыстарының картасы.
Сыбырлағыш былай дейді:
«Кезінде жел ағаштардың жапырақтарында дәл осындай — мүлдем айрықша нәзік дыбыс шығаратын, ал одан осы скрипканың бөлшектері жасалды. Бүгінде біз дабыра шулап, алайда бір-бірімізге үнсіздік туралы айтуға мәжбүр болғанда бұл нәзіктікті естуге бола ма?»