Мәңгілік жел салтанаты
II Korkut үн өнері триенналесі
Триеннале дыбысқа және дыбысты қабылдауға арналады әрі институционалды шекаралармен шектелмей, кең диапазонды дыбыс практикалары үшін кеңістік жасайды. «Мәңгілік жел салтанаты» жобасы аясында екі ай бойы мұнда дыбыс инсталляциялары орнатылады, дыбысты қабылдау және дыбыс серуендері сеанстарын қамтитын тікелей іс-шаралар, гибридті дәрістер, пікірталастар мен шеберлік сыныптары, соматикалық перформанстар, сондай-ақ дыбыс мүлдем жоқ немесе ол мүмкін болмайтын орта мен дыбыс рәсімдерін зерттеуге жол ашылады.
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы
Jul 5
                     
19:00
21:30
БІРІНШІ ЭПИЗОД: САМАЛ
Tickets
«Мәңгілік жел салтанаты» жобасының ашылуы жауын-шашын шақыру мақсатындағы рәсімдік әндерді зерттейтін палестиналық музыкант және зерттеуші Бинт Мбәрехтің өнерінен басталады. Ол импровизациялық, электронды және дәстүрлі музыка тоғысында жұмыс істейді: мұрағаттық аудио жазбалар үзінділерінен шулы коллаждар жасайды, араб елдерінде танымал шертпелі ішекті аспап — бузукида ойнап, өлең оқып, ән салады. Концерт Миеко Сиомидің жаңа пьесасының әлемдік премьерасымен түйінделеді. Миеко Сиоми — Джон Кейдж, Йоко Оно, Нам Джун Пайк және ХХ ғасыр авангардының басқа да маңызды тұлғаларымен әріптес болып, музыка өнерінде жаңа бағыт қалыптастырған беделді жапон композиторы және концептуалды музыканың аты аңызға айналған өкілі. Оның «Жел мен көлеңке» жаңа пьесасы — «Целинный» арнайы ұсынысымен жазылған дыбыстық перформанс-эксперимент. Премьерасы Триенналеде өтеді және алғашқы үш күнде үш нұсқада көпшілік назарына ұсынылады. Алғашқысын SAMRATTAMA жобасымен танымал, жаңа қазақстандақ инди-сахнаның белді әртістерінің бірі Самрат Иржасов пен татар тілі және түркі мәдениеті тоғысында жұмыс істейтін қазандық хореограф және биші, театр жүлделерінің иегері Нұрбәк Батулла орындайды.
Бізді Instagram желісінде бақылаңыз
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы