Korkut Sonic Arts Triennale: Мәңгілік жел салтанаты

2025 жылдың 6 қыркүйегінен 1 қарашасына дейін Алматыдағы «Целинный» заманауи мәдениет орталығында екінші Korkut триенналесі өтеді. Табиғи даму барысында 2022 жылы «Целинный» бағдарламасы аясында өткен дыбыс өнері мен жаңа музыка Биенналесі үн өнері Триенналесіне айналды. Дыбыс пен музыкаға назар аудара отырып, «Мәңгілік жел салтанаты» аталған салалардың институционалдық нормалармен шектелетін әдеттегі шекараларынан шығуға тырысады. Концерттер, дыбыс инсталляциялары және перформанстардан басқа, триеннале бағдарламасында дыбыстық серуендер, эксперименталды хор, гибридті поэзия оқулары, аудио-эссе, зейінді тыңдау сеанстары және т.б. осы сынды дыбыс өнерімен байланысты әртүрлі тәжірибелер ұсынылатын болады.

Триенналенің жаңартылған тұжырымдамалық негізі ауызша Орталық және Солтүстік Азия мәдениеттерінің, сондай-ақ көбіне түркі және басқа да жақын аймақтардың, қала берді ауызша және дыбыс дәстүрі жазудан басым түскен өзіне іргелес өлкелер мәдениетінің дыбыстық табиғатына тарихи бақылау жасауға негізделеді. Ғасырлар бойы аспаптық музыка, ауыз әдебиеті, импровизацияның әртүрлі түрлері және басқа да дыбыс тәжірибелері қоғам мен оның дүниетанымын қалыптастыруда шешуші рөл атқарды. Мысал ретінде саяси пікірталастың ерте түрі болып саналатын айтыс немесе емдік қасиеті бар және зұлым рухтарды аластай алатын дәстүрлі аспаптарға арналған музыкалық шығармалар яғни күйді алға тартуға болады. Дәстүрлі тәжірибелерге құрмет көрсетіп әрі заманауи тәжірибелерге орын бере отырып, «Целинный» үнмен астастқан ғұрыптар, үнге толы рәсімдер, үнге жалғасқан диалогтар, үнге толы мейрамдар, үнге шырмалған мұң-қайғы мен емдейтін үнге арналған біртұтас және сантүрлі резонансты кеңістікке айналады.

Бұл тәжірибелердің көпшілігін үйрену оңай, бірақ онда басым түсу қиын. Олар арнайы дайындыққа немесе әлеуметтік мәртебеге қарамастан бәріне қолжетімді, бірақ кейбір жағдайларда оларға бар ғұмырыңызды арнауға тура келеді. Бұл тәжірибелердің екі жақты сипаты бізге тәжірибелі мамандардан бастап дыбыспен жұмыс істегісі келетін, бірақ неден бастарын білмейтін кең аудиторияға арналған дәрістер, уоркшоптар, артист-ток пен дөңгелек үстелдерді қамтитын ауқымды бұқаралық бағдарламаны әзірлеуге шабыт берді. Бағдарламаның шарықтау шегі — көркем зерттеу шеберханасы. Ол триенналенің арнайы жобасы әрі оның тақырыбымен тығыз байланысты. Ашық байқау арқылы іріктелген зертхана қатысушылары музыкалық дәстүр тұжырымдамасын сыни тұрғыда қайта пайымдауға шақырылады. Сондай-ақ көбіне белгілі бір билік құрылымдарынан тыс жандарды экзотикалап, маргиналдау мақсатында қолданылатын «уорлд-мьюзик» пен тарихи тұрғыда жасанды кедергілермен шектеліп (музыкалық нотация сынды), кезіндегі қадірлі тәжірибелерді тауарға айналдырған, академиялық ортаның бәсекеге толы, қанаушылық сипатын білдіретін екі шекті қатар қарастырады.

Осы тұрғыдан алғанда «Мәңгілік жел салтанаты» батыстың «музыка» түсінігінен тыс ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерге, мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азияның дыбыс тәжірибелері мен 20 ғасырда солтүстік америкалық және еуропалық авангард қайраткерлері меншіктеген, қала берді өздерінің революциялық өнертабыстары ретінде ұсынған медитация мен зейінді тыңдауға негізделген буддистік тәсілдерге лайықты сүйіспеншілік танытып, құрмет көрсетеді. Бар болуды жоқ болу арқылы зерттеу, тыныштық арқылы үн қату, ең тыныш дыбыстарды зейін қойып тыңдау және дыбыс жоқ немесе мүлдем мүмкін болмайтын кеңістіктерді тыңғылықты зерттеуге арналған «Флюксус» атты жапондық қозғалыс пионерлерінің идеяларын аталған тәжірибелердің жаңғырығы деп атауға негіз бар.

Жел күшейіп барады

«Мәңгілік жел салтанатының» тұжырымы дыбыс пен желдің арақатынасына негізделген, ал жел бір сәтте мәдени символ әрі табиғат құбылысы ретінде де қарастырылады.

Желдің табиғат құбылысы ретінде физикалық принциптерін түсіну акустика принциптерін түсінудің кілті саналады. Жел -– қоршаған ортадағы нысандармен өзара байланыс орнатып, оларды тербелтіп, осылайша дыбыс тудыратын ауаның қозғалысы. Өз кезегінде, ауа арқылы таралатын дыбыс тербелісі өз төл энергиясын тасымалдай отырып, тізбекті реакция тудырады. Бұл принцип көптеген музыкалық аспаптың құрылымының негізінде жатыр. Ол қатарда дауыс бар, дауыс — олардың ең көнесі әрі негізгісі, егер желде үн қатса, күшейе түседі, осылайша дыбысталып тұрған сөзге, мәселен, әнге әрі қарай аспандап, таралуға мүмкіндік береді. Музыканттар үрмелі аспаптарда ойнаған кезде олардың тынысы резонанс, дыбыс тудырады — бұл қазіргі заманғы аспаптарға да, башқұрт құрайы, болмаса, қазақтың сыбызғысы сияқты дәстүрлі аспаптарға да қатысты. Дәл осындай принцип ауа ағыны яғни жел әртүрлі ұзындықтағы арнайы түтіктерге кіріп, оларды дыбыс шығаруға жетелейтін орган аспабына да қатысты.

Арнайы ойнау әдістерінің көмегімен немесе аспапқа әсер ету арқылы тәжірибелі музыканттар желге үрмелі аспаптар арқылы ғана еліктемейді: перкуссия мен соқпалы аспаптар дауылдай күркіреп, ішектер қыстың жылауық боранындай уілдей түседі. Сондай аспаптардың бірі — қазақ мәдениетінің айтулы символы — қобыз. Бұл ішекті аспаптың алғашқы нұсқасын өлімді алдап, мәңгі өмір сүру үшін әдемі күй шығарған, Х ғасырда өмір сүрген ақын — Қорқыт Ата жасады деген болжам бар. Бұл аңыз Қорқыттың туған жерінен алыс емес Қазақстандағы Сырдария өзенінің жағасында бой көтерген мемориалдық кешеннің негізін қалауға түрткі болды. Қобыздың пішіні мен дыбысынан шабыт алып, 1980 жылы сәулетші Бек Ыбыраев пен акустик-физик Совет Исатаев жобалаған мемориал мүсіндерінің бірі дыбыс пен желдің өзара әрекеттесуіне негізделген, яғни құрылым ішіндегі қырық металл құбырлар далада қатты жел тұрса, дыбыс шығарады. Жел соққанда бұл алып қобыз жұмбақ күйде ызылдап, аңыздың танымал түсіндірмесін дыбысқа айналдырып, ұзақ гуілдей бастайды. Қорқыт адамзатқа қызмет ету арқылы яғни өзі өлгеннен кейін де өмір сүретін музыка тудыру арқылы мәңгілік өлмес күйге қол жеткізді деп саналады.

Korkut Sonic Arts Triennale ақындар мен музыканттардың желеп-жебеушісі Қорқыт Атаға арналады, алайда атау үшін қазақтың Қорқыт (Qorqyt) сөзін емес, халықаралық айтылымға негізделген Коркут (Korkut) атауын дұрыс деп таптық, өйткені жоба тек Қазақстанды ғана емес, Орталық және Солтүстік Азияны, тіпті одан да кең ауқымды қамтиды деп саналады. Триеннале қатысушыларды тағдырға қарсы тұрған адам туралы аңызды сыни тұрғыдан қайта ой елегінен өткізуге шақырады.

Жел ышқынады

Бағынбайтынды бағындыруға деген ұмтылыс адам табиғатында ертеден орныққан әрі біздің белгісіз дүниемен үздіксіз күресімізді білдіреді. Бұл ұмтылыс сондай-ақ желді бағындыруға, оны біздің ырқымызға көндіруден көрінеді, кейде рас, жел біздің дегенімізге бағынады.

Жел желкендерді қозғап, отаршыл экспедициялардың кемелерін қозғалысқа бағыттап, алыста жатқан жерлерді басып алып, жергілікті халықты құл қылып, аштықпен қырып, шексіз қайғы-қасіретке душар етуге құқылымыз деп санағандарға жол ашты. Олардың ышқынып дауыл соққан кездегі желдің екпініндей қаһарлы ұмтылыстары одан да қараңғы күшке ие табиғат құбылыстарының оянуына түрткі болды. Отты құйындар күл-паршасы шығып өртенген ауылдардың күлін көкке ұшырып, отбасыларға жалынға жұтылып, қарсылық танытуға батылы жеткендердің қалдықтарын өзімен бірге алып кетті. Тірі қалғандар үйлерін біржола тәрк етті — самал жел оларды қайтып оралу үмітінен ада етіп, алыс, бөтен елдерге алып кетті. Басқыншылықты ақтап, оны қалыпты дүние санағандар билікке келгенде өздерінің неоколониал ұмтылыстарын либералдық саясаттың риторикасымен бүркемелеп, қазір «жасыл энергия» деп аталатын тудың астына бірігіп, желді шексіз жаулауды әлі жалғастырып келеді.

Біздің планетамыз ұшы-қиыры жоқ, тіршіліксіз шөлге айналғанда Мәңгілік Желдің жоқтауы оның бетінде қалатын жалғыз дыбысқа айналады. Бірақ біз осында бар кезде дауыстар құлаққа әзер жететін сыбырға айналған күннің өзінде оны өзімен ала кетіп, аспандата түсетін желден үлгі аламыз.

Жел сыбырлайды

«Мәңгілік жел салтанаты» — бұл үндеу. Әрине, өнер тікелей әрекетті алмастыра алмайды және алмастырмауы керек, алайда триеннале де соғыс пен геноцид, мәжбүрлі қоныс аударту мен аштық, демократияға шектеу қою мен авторитаризмнің күшеюі сынды көз алдымызда болып жатқан сұмдықтарға көз жұмып қарай алмайды және көз жұмбауға тиіс.

Бізді енді өзіміз ести алмайтын дыбыстар мазалайды — индустрияландырудың кесірінен құрғаған теңіздердің соқпа толқынына құлақ салыңыз. Геноцидтің салдарынан «тазаланған» жерлерде «таза» энергия өндіретін жел турбиналарының төмен жиіліктегі тыныштандыратын гуілдері іспетті енді біз назар аудармауды әдет еткен дыбыстар біздің соңымызға түсті. Айналаны даурықтыратын дабыл үні, дерттен туған айқай мен қыстың тұманды тыныштығын бұзған оқтардың тарс еткен дыбысы бізді мәңгілік аңдитын болады. Ал біз оларға ешқашан тосқауыл бола алмаймыз.

Біз әлемді мұқият тыңдауға, ынтымақтастық, ұжымдық әрекет пен емделуге бірге бой үйрету үшін бәрін триеннале кеңістігіне шақырамыз.

Қатысушылар (әліпби ретін сақтай отырып): Яра Асмар, Әннәс Бағдат, Медина Базарғали, Нұрбәк Батулла, Сырлыбек Бекботаев, Иван Бекетов, Азадбек Бекжанов, Бинт Мбарех, Айна Жекебатыр, Жазгүл Мадазимова, Саинхо Намчылак, Айша Оразбаева, Раушан Оразбаева, Интизор Отаниёзова, Синна Пейғами, Миеко Сиоми, Буддадитья Чоттопаддхай, Тілек Ырысбек, Жевдет Әрек, Jolda, Kokonja, Lovozero, Samrattama, Şüräle және басқалары

Кураторлар: Әнуар Дүйсенбинов, Мәдина Садыбекова, Стас Шәрифулла